Футбол • 29 Желтоқсан, 2025

Ғалымжан Кенжебек «Елімай» клубындағы мансабын аяқтады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен семейлік «Елімай» клубының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек Ресей чемпионатында өнер көрсететін грозныйлық «Ахмат» клубына ауысты. Бұл команданы қазір бұған дейін ұлттық құраманы жаттықтырған Станислав Черчесов баптайды, деп жазады Egemen.kz.

Ғалымжан Кенжебек «Елімай» клубындағы мансабын аяқтады

Фото: offside.kz

Сондай-ақ аталған клубта еліміздің тағы бір өкілі Максим Самородов та доп тебеді. 

Ғалымжан Кенжебек осы жазда «Елімай» сапына қосылып, Қазақстан премьер-лигасында команданың төртінші орынға көтеріліп, Конференция лигасында өнер көрсетуі мүмкіндігін жеңіп алуға септесті.

22 жастағы шабуылшы ел чемпионатында 11 матч өткізіп, 6 гол соғып, 4 нәтижелі пасымен көзге түскен. 

Transfermarkt мәліметінше, оның трансферлік құны 600 000 еуроға бағаланған. Қазір «Ахмат» Ресей чемпионатының турнирлік кестесінде сегізінші орында тұр.

Ал «Қайрат» Анарбековты сата ма? Клуб соңғы шешімін жариялады.

Соңғы жаңалықтар