ҚЫЗЫЛОРДА. 12 мамыр. Қызылорда облысы Қармақшы ауданында Жеңістің 70 жылдығына арналған Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы самбодан халықаралық мемориал аяқталды. Бұл туралы kyzylorda-news.kz хабарлады.
Жарыс Мәдениет және спорт министрлігі, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қармақшы ауданының әкімдігі, Т.Көмекбаев атындағы қордың ұйымдастыруымен өтті. Биыл жиырмасыншы рет туын көтерген дүбірлі додаға АҚШ, Армения, Әзірбайжан, Белоруссия, Болгария, Грузия, Германия, Грекия, Жапония, Иран, Ирландия, Израиль, Латвия, Литва, Моңғолия, Молдова, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Ресей, Сербия, Түркия, Тәжікстан, Ұлыбритания, Қырғызстан және Қазақстаннан 25 команда қатысып, 250-ге жуық самбошы 9 салмақ дәрежесінде сынға түсті.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аталмыш турнирдің аймақ спортының дамуына өзіндік үлес қосып отырғанын ерекше атап өтті. Халықаралық самбо федерациясының спорт директоры Дмитрий Максимов жарысқа қатысушыларды құттықтап, аймақ басшысына Қазақстандағы самбоның дамуына қосқан зор үлесі үшін халықаралық самбо федерациясының алғыс хатын табыстады.
Дүбірлі бәсекеде Қазақстан спортшылары өздерінің мықтылықтарын көрсетіп, 5 салмақ дәрежесінде чемпион атанды.
Айта кетейік, 52 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қармақшылық Бауыржан Раисов осы халықаралық мемориалдың қатарынан он екінші мәрте жеңімпазы атанып, жарыс демеушісі тағайындаған жеңіл автокөліктің кілтіне ие болды. Сондай-ақ, халықаралық мемориалдың «Үздік спортшы» номинациясын қарағандылық Арман Сәрсенбин мен ресейлік Михаил Полянсков иеленді.
Жарыстың екінші күні 62 түйе палуан ортаға шығып, қазақ күресінің көрігін қыздырды. Бас жүлдеге тігілген «Toyota Prado» автокөлігін шығысқазақстандық Мұхит Тұрсынов қанжығалады. Екінші орын алған қармақшылық Еламан Ерғалиев пен үшінші орынды иеленген Моңғолия палуаны Алтангерел Даванямға темір тұлпардың кілттері табысталды. Ал төртінші орынды еншілеген өзбекстандық Одил Тулендибаев ақшалай сыйақымен марапатталды.
Ержан Байтілес.
Дерек: kyzylorda-news.kz.
Сурет: Жеңіс Ысқабай.
• 12 Мамыр, 2015
Қызылордада самбодан халықаралық турнир өтті (фото)

Ертең елдің көп бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауады
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты
Оқиға • Кеше
Ақтөбе әкімдігіндегі ірі өрт: шығын көлемі жарияланды
Аймақтар • Кеше
Астанада Жеңіс күніне орай әскери техника көрмесі өтеді
Мереке • Кеше
Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді
Аймақтар • Кеше
Әсем Орынбай стенд атудан жаңа әлем рекордын орнатты
Спорт • Кеше