АСТАНА. 12 мамыр. Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты киім-кешек сататын ірі сауда жүйесінің қожайынын қамауға алу туралы үкім шығарды. Құқық қорғау органдары кәсіпкерді адам ұрлауға қатысы бар деп айыптап отыр. Бұл туралы total.kz хабарлады.
Тергеу мақсатына орай аты-жөні құпия ұсталып отырған кәсіпкер қазіргі таңда үй қамақта отыр. Алайда, полиция қызметкерлері сотқа күдіктіні қамауға алу туралы өтініш білдірген болатын. Ал адам ұрлауға қатысы бар кәсіпкердің көмекшісіне іздеу жарияланды.
Адам ұрлаудан бөлек, ірі сауда иесіне заңсыз бостандығынан айыру, тонау мен озбырлық жасады деген айыптар тағылған. Құқық қорғау органдары таратқан мәліметтерге сүйенсек, жәбірленуші кәсіпкердің дүкендерінің бірінде таяу уақытқа дейін әкімші болып жұмыс істеген. «Дүкен қожайыны мен оның көмекшісі құрбандарын 29 сәуірден 4 мамырға дейін кәсіпкердің саяжайында күштеп ұстаған. Екеуі жәбірленушіні күн сайын соққының астына алған», – дейді құқық қорғаушылар.
Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, бұрынғы бастығы оны күшпен қорқытқан. Көрсеткен озбырлықтарын олар тіпті, бейнекамераға да түсіріп алған. Тұтқыннан қашып құтылған жәбірленуші полицияға арызданған.
Қазіргі таңда бұл оқиға бойынша кәсіпкердің көмекшісіне іздеу жарияланды. Зардап шегушінің айтуынша, оның да адам ұрлауға қатысы бар.
Еламан Қоңыр.
Дерек: total.kz.
Сурет: mail.ru.
• 12 Мамыр, 2015
Шымкентте белгілі кәсіпкер адам ұрлағаны үшін ұсталды

Ертең елдің көп бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауады
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты
Оқиға • Кеше
Ақтөбе әкімдігіндегі ірі өрт: шығын көлемі жарияланды
Аймақтар • Кеше
Астанада Жеңіс күніне орай әскери техника көрмесі өтеді
Мереке • Кеше
Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді
Аймақтар • Кеше
Әсем Орынбай стенд атудан жаңа әлем рекордын орнатты
Спорт • Кеше