Ауа райы • 30 Желтоқсан, 2025

2025 жылдың соңғы күнінде Қазақстанда ауа райы қандай болады?

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде мұздақ жаңбыр, көктайғақ және қатты жел тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

2025 жылдың соңғы күнінде Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің болжамынша, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Ұлытау облыстарында қолайсыз ауа райы ертең де сақталады. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы +3 градусқа дейін жылынады.

Ал оңтүстік өңірлерде күн +15°C-қа дейін ысуы мүмкін.

Осыған байланысты ҚазАвтоЖол бес облыста  Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Жетісу өңірлерінде жол қозғалысын уақытша шектеді.

Жалпы саны 9 республикалық маңызы бар автожол жабылған. Алдын ала мәлімет бойынша, жолдарды ертең таңғы сағат 8:00-де ашу жоспарланып отыр. Жолдарды күтіп ұстауға 862 арнайы техника жұмылдырылған.

Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайының қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қазіргі таңда әуежайда 4 рейс ұшуға, 11 рейс қонуға кешіктірілген.

Соңғы жаңалықтар