Оқиға • Кеше

Жаңа жыл түнінде елімізде қанша сәби дүниеге келді?

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің перзентханаларында жаңа жыл қарсаңында 254 сәби іңгәлап өмірге келді.  Оның екеуі Ақтөбе облысында дүние есігін ашқан егіздер, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа жыл түнінде елімізде қанша сәби дүниеге келді?

29 сәби Түркістан облысында, 24-і Шымкентте, 22-сі Астанада, 21-і Алматыда тіркелді.  Осылайша Қазақстан халқының санын 254-ке көбейді. Елордада өмірге келген сәбилердің 11-і ұл, 11-і қыз бала.

«Елімізде тіркеуге тұрған жүкті әйелдердің саны 25%-ға өсті. Ерте тіркелу  болашақ ана мен баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді» делінген министрлік хабарламасында.

Ақтөбеден басқа өңірлерде егіздер мен үшем тіркелмеді.  

Соңғы жаңалықтар