Қоғам • 06 Қаңтар, 2026

Елімізде мұқтаж жандарға коммуналдық тарифтер бойынша көмек көрсетіледі

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің бағдарламалық сұхбатының қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді. Үкімет басшысы фискалдық саясатты қайта құру бақылау жасауға емес, серіктестік орнатуға баса мән бере отырып, жүргізілуге тиіс екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде мұқтаж жандарға коммуналдық тарифтер бойынша көмек көрсетіледі

Фото: shutterstock.com

Сондай-ақ энергетика және коммуналдық сектордағы жұмыс тәсілін уақтылы және сапалы жүзеге асыру мәселесі талқыланды.

Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы министріне нақты шаралар қабылдауға бір апта уақыт берді

Олжас Бектенов коммуналдық тарифтер бойынша көмек шын мұқтаждарға көрсетілуі керек екенін атап өтті. 

«Әділетті тарифтер – оны жүзеге асыруға бағытталған нақты қадам. Мемлекет өз кезегінде шын мұқтаж адамдарға ғана тікелей қолдау көрсетеді», деді Олжас Бектенов.

Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны нақты іске асыруға кірісуді тапсырды.

Биыл 1900 елді мекенге жоғары жылдамдықты интернет қосылады

Соңғы жаңалықтар

Брисбендегі бәсеке

Теннис • Бүгін, 08:15

Қажетті ұсыныстар айтылды

Қоғам • Бүгін, 08:05

Заманауи музей қызметі

Мәдениет • Бүгін, 08:00