Арман Әшімханұлы «Ақтөбе» футбол клубын еуропалық деңгейге шығаруды жоспарлап отырғанын, клубқа ұзақмерзімдік басқаруға келгенін және алдағы ойындардың нәтижелеріне толық жауапкершілік алатынын жеткізді.
Әзірге белгілісі, клуб басшылығы 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспарын әзірлеген. Биылғы жылдың өзінде Қазақстан премьер-лигасының алғашқы үштігіне ілініп, Қазақстан кубогін жеңіп алуға тырысатындарын, келесі жылы еурокубоктардың негізгі кезеңіне қатысу жоспары барын мәлім етті.
«Атырау» футбол клубынан бір мезетте 12 ойыншы кететін болды
«Qazaq Story Properties» компаниясы футболшыларды еуропалық деңгейдегі жаттығуға қатыстырып, спортшылардың денсаулығын тексеретін медициналық мекеме салып, оңалту орталығын ашуды жоспарлап отыр. Жаңа басқарушы түпкі мақсат бәсекеге қабілетті, бюджеті ашық және тиімді басқарылатын футбол клубын қалыптастыру екендігін атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін «Тобыл» футбол клубының атауы толық қазақшаланғанын жазған едік.