Жәдігер • 09 Қаңтар, 2026

Мұстафа Шоқайдың бірегей суреттері

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алаш көсемдерінің бірі Мұстафа Шоқай мен оның жары Мария Шоқайға тие­­сілі от­басылық фото­аль­бомның түпнұсқасы Астанадағы Ұлттық музей қорына табыс­талды.

Мұстафа Шоқайдың бірегей суреттері

Бұл жәдігерді аталған музейге Мұстафа Шоқайдың туысы Гүлбаршын Заирова берген. Жәдігердің тарихы тереңде. Ұзақ жылдар бойы отбасылық фото-альбом Мұстафа Шоқайдың көмегімен тұтқыннан аман қалып, Мария Шоқайдың рухани перзенті болған белгілі скрипкашы Әлім Алматтың (Ғалымжан Әбсәлямов) қо­лында сақталып келген. Кейіннен ол бұл мұраны мұс­тафатанушы Бақыт Садықоваға аманаттаған, ал зерттеуші өз кезегінде жәдігерді Гүлбаршын Заи­роваға тапсырған екен.

с

«Бұл жәдігер соғыс жылдары тұтқында болып, Мұстафа Шоқайдың арқасында аман қалған, Мариям анамызды со­ғыстан соң паналап, рухани перзентіне айналған скрипкашы Әлім Алматтың (Ғалымжан Тілеуқабыл) қо­лында көп жылдар сақ­талған. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Әлім Алмат елге келіп, Мұстафаның жазу машинкасын, «Яш Түркістан» газеті тұсында қолданған үш түрлі мөрін, үйлену портреті мен альбомды мұстафатанушы Бақыт Садықова апамызға аманаттаған. 2022 жылы осы альбом маған сеніп тапсырылды. Ал 2025 жылдың 25 желтоқсанында, Мұстафа Шоқайдың 135 жылдығында, Астана қаласындағы Ұлт­тық музейде өз орнын тапты. Тарихқа құрмет – бола­шаққа аманат», деп жазды Гүлбаршын Заирова.

 

Соңғы жаңалықтар