ПЕТРОПАВЛ. 24 ақпан. Солтүстік Қазақстан облысы М. Жұмабаев ауданына қарасты Полтавка орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары ересектерге арналған дәріні ішу салдарынан өмірмен қоштаса жаздаған. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Сонда 18 жасқа дейінгі балалар тұтынуға мүлдем тыйым салған препаратты ішуге мүдделі болған кім дейсіз ғой? Ұстаз!
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мадина Балғашоқованың айтуынша, қоғамдық ортаны ұлардай шулатқан жайт 13 ақпан күні білім үйінің қақ төрінде орын алған. 35 жылға жуық жұмыс өтілі бар, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Светлана Зубарева ашық сабақ өткізу үшін 4 сыныпқа келген. Сірә, мектеп есігін ашқанына 4 жыл ғана болған балдырғандардың алдында қатты қобалжыса керек, «феназепам» атты аса күшті психотроптық дәрінің бір таблеткасын қылғытып жіберген. Сол-ақ екен, ұядағы балапандай ауыздарын ашып, өзіне қарай жапа-тармағай ұмтылған үрпекбастарды «тәйт» деп зекіп, сабасына түсірудің орнына бірнешеуін ұстата салған. Содан не болды дейсіз ғой? Оқушылардың жүріс-тұрысы баяулап, мінез-құлқында өзгеріс пайда болған. Оны басқа мұғалімдер көре тұра мән бермеген. Сыныпта оқушылардың бірінің басы айналып, енді бірінің құсқысы келген. Кешке таман препаратты түгелдей «жұтқан» екі қыз баланың дене қызуы күрт көтеріліп, мұрттай ұшқан. Ата-аналары дереу дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Ақ халатты абзал жандар олардың дәріден уланғанын білісімен аудандық ішкі істер бөліміне хабарлаған. Ал, таблетканы жарым-жартылай пайдаланған екі оқушыны періштелер қаққан болу керек.
Бүгінде С. Зубареваға Қылмыстық Кодекстің 141-бабы бойынша, өз қызметіне салдыр-салақ қарады, адам денсаулығына абайсызда залал келтірді деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалған.
«Түсініксіз бір кесел көптен бері жаныма қатты батқандықтан, өзімді жайсыз сезінетінмін. Дәрігерлер ота жасаймыз деген соң рецепт бойынша сатылатын дәріні қабылдап жүр едім. Оқушылар қиылып сұраған соң тыныштандырайын деп беріп едім. Артының мұндай оқиғаға соқтырарын кім білген? – деп өкініштен бармағын тістейді екі баланың анасы.
Ауруханада жатып шыққан оқушылардың бірінің анасы «қызым аса күшті психотроптық дәріні қабылдаудың салдарынан әлі есін жия алмай жүр. Кейбір қылықтары қарадай шошындырады. Мүгедек болып қалса, кім жауап береді? Бала тағдырына көз жұма қарайтын мұндай адамдардың білім саласында жұмыс істеуге қақы жоқ!» деп жаны күйзеле сөйлейді.
Осылайша оқушыларға өзін-өзі тану пәнінен сабақ берудің орнына «өзін-өзі» басқа қырынан танытқан педагог негізгізгі жұмысынан аластатылып, зертханашы қызметін атқарып жүр.
Өмір Есқали.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: skocontrol.kz.
• 24 Ақпан, 2015
Солтүстік Қазақстанда мұғалім қызметінен шеттетілді

Астанада «Мұз айдынындағы чемпиондар» шоуы өтті
Елорда • Бүгін, 21:59
Футболдан ел кубогінің ширек финалына қай клубтар шықты?
Спорт • Бүгін, 17:32
Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі 9 мамырға дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 17:27
Азия кубогі: Қазақстан триатлоншылары төрт медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 17:10
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 16:22
Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12