Саясат • 09 Қаңтар, 2026

Еліміздің кітапханалары 240 мыңнан астам әдебиетпен толықты

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Былтыр 119-дан астам кітап 240 500 дана таралыммен басылып, еліміздің өңірлік кітапханаларына жеткізілді. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.

Еліміздің кітапханалары 240 мыңнан астам әдебиетпен толықты

Фото: ашық дереккөзден

Өңірдегі кітапханаларға жолданған кітаптар арасында «Шоқан. Ерек туған феномен» фотоальбомі, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған еңбектер, «Бақытсыз Жамал» шығармасы, сондай-ақ Ілияс Есенберлин, Жұмекен Нәжімеденов, Қадыр Мырза Әлі және Тұманбай Молдағалиевтің шығармалар жинағы бар.

Айта кетейік, Халықаралық ынтымақтастық аясында Италия тарапының қолдауымен Шоқан Уәлиханов туралы кітаптың итальян және ағылшын тілдеріне аударылған нұсқасының таныстырылымы Рим қаласында өтті.

Қайта түлеген кітапханалар

«Мәдениет және ақпарат министрлігі еліміздің Майндағы Франкфурт қаласында өткен ең ірі халықаралық кітап жәрмеңкесіне екінші рет қатысуын да қолдады. Көрмеде ұлттық павильон ұйымдастырылып, мерейтойлық басылымдар, соның ішінде жеті тілге аударылған «Абайдың қара сөздері. Ұрпаққа Ұлағат» атты еңбегі таныстырылды. Ал «Бақытсыз Жамал» романы ұлттық прозаның алғашқы туындыларының бірі ретінде халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болды», делінген министрлік таратқан хабарламада.

Қазақ әдебиетін насихаттау жұмысы ел ішінде де жалғасып жатыр. Министрлік өкілдері Бейжің мен Гуанчжоу қаласында өткен халықаралық кітап көрмелеріне қатысып, классиктер мен қазіргі заман авторларының шығармаларын таныстырды.

Антикадан Астанаға дейін: кітапханалар қалай жаңартылып жатыр?

Жас жазушыларды қолдауға ерекше көңіл бөлінді. Министрлік пен Қазақстан Жазушылар одағы арасындағы стратегиялық серіктестік аясында жаңа авторлар буынын қалыптастыруға бағытталған үш ауқымды жоба жүзеге асты. Нәтижесінде 35 көркем және ғылыми-танымдық жинақ жарық көріп, кітапханаларға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар