Бұл қызметті 2007 жылы алғаш рет Тама атты мысық атқарған. Ол мысықтың сүйкімділігі сондай, халық соны көруге бола теміржолға келетін болған. Оның сегіз жыл мігірсіз қызметі нәтижесінде жолаушылар саны жылына шамамен 300 мың адамға артты. Ал экономикалық тиімділік 1,1 млрд иеннен асты. Сөйтіп Тама шығынға батқан теміржол желісін сақтап қалуға үлкен үлес қосты.
Тама 2015 жылы өмірден өткен соң оның орнын Нитама басты. Ол бұл қызметте он жыл жұмыс істеді. 2025 жылғы қарашада Нитама 15 жасында қайтыс болды. Бұл адам жасымен есептегенде шамамен 75 жылға тең. Қазір оның орнына шұбар ала Ентама тағайындалды.
Ентаманың міндетіне жолаушыларды қарсы алу, жарнамалық науқандарға қатысу және станция қонақтарының көңілін көтеру кіреді. Мысықтың жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін. Демалыс күндері тұрақты.
Вакаяма префектурасындағы Киси станциясы арнайы мысық бейнесінде қайта жаңғыртылған. Шатыры құлаққа ұқсайды, кіреберісі ауыз пішінінде, ал терезелері көзді елестетеді. Сондай-ақ станция аумағында Тамаға арналған ғибадатхана бар. Синтоистік дәстүр бойынша ол теміржолдың қамқоршы пірі ретінде танылған.