АСТАНА. 24 ақпан. Дубайда осымен жетінші рет ұйымдастырылып отырған «Fazaa» атты халықаралық паралимпиадалық жарыс басталды. Қазақстандық жеңіл атлетшілердің үшеуі алғашқы күні жүлделі болды. Бұл туралы Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы хабарлады.
«Fazaa» атты бұл паралимпиадашылар бәсекесі әлемдегі деңгейі биік, әйгілі жарыстардың бірі. Жарыс соңынан үздік спортшыларға Халықаралық Паралимпиада Комитеті тарапынан «Гран-при» жүлдесінің табыс етілуі де аталмыш бәсекенің салмағын айқындай түссе керек. Ақпанның 26 жұлдызына дейін жалғасатын дүбірлі додада 45-тен астам мемлекеттің 500-ге жуық паралимпиадашылары бақ сынауда.
Дубайға Қазақстаннан 34 спортшы аттанған. Кеше жерлестеріміздің алғашқы олжалары туралы сүйінші хабар жетті. Қазақстандық жеңіл атлеттер алғашқы күннен-ақ суырылып алға шыға бастады. Аманат Қалқаев (суретте) ұзындыққа секіруден қашықтықты 5,34-ке жеткізіп, әзірге 3-орынға табан тіреді. Ал Мағжан Нұрлыбаев болса, 100 метрге жүгіруден күміс жүлдені жұлып түсті (уақыты – 12,07). Диск лақтырудан Алексей Лукутин де бір қола медальді еншілеп үлгерді (нәтижесі – 16,88 м.).
Сөйтіп, біздің паралимпиадашылар алдағы әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік беретін 2 жолдаманы иеленді.
Жолдыбай Базар.
Сурет, дерек: Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы.

Астанада «Мұз айдынындағы чемпиондар» шоуы өтті
Елорда • Бүгін, 21:59
Футболдан ел кубогінің ширек финалына қай клубтар шықты?
Спорт • Бүгін, 17:32
Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі 9 мамырға дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 17:27
Азия кубогі: Қазақстан триатлоншылары төрт медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 17:10
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 16:22
Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12