Әлем • 10 Қаңтар, 2026

Иранның тақ мұрагері Реза Пехлеви халықты жаппай наразылыққа шығуға шақырды

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Иранның соңғы шахының ұлы, тақ мұрагері Реза Пехлеви Иран халқын елдегі билікке қарсы жаппай наразылыққа шығуға шақырды, деп жазады Egemen.kz.

Иранның тақ мұрагері Реза Пехлеви халықты жаппай наразылыққа шығуға шақырды

Видеодан алынған кадр

Оның айтуынша, Иран халқының аятолла Әли Хаменейге қоятын талабы біреу ғана.

– Ол – «диктатор, елді тастап кет». Мәскеуде Башар Асадтың жанында саған орын дайын, сол жерде тұра аласың, – деді Реза Пехлеви.

Сондай-ақ ол көшеге шығып, режимге қарсы күресіп жатқан ирандықтарды мақтан тұтатынын айтты. Реза Пехлеви энергетика, мұнай, газ және көлік салаларында жұмыс істейтін азаматтарды ереуілге шығып, халыққа қосылуға шақырды.

Иранның рухани жетекшісі Мәскеуге қашуды жоспарлап отыр

Сонымен қатар ол АҚШ билігінің Ирандағы жағдайды бақылап отырғанын мәлімдеді.

– АҚШ президенті наразылық акцияларын мұқият қадағалап отыр және күш пен репрессия қолданылған жағдайда жауап беруге уәде берді, – деді Реза Пехлеви.

Тақ мұрагерінің айтуынша, алдағы сағаттар шешуші кезең болуы мүмкін.

Иранда ұлттық валютаның құлдырауы жаппай наразылықты күшейтті

– Иранның ержүрек халқы бүгін түнде мүмкіндігінше көшеге көптеп шығуы керек. Біз аятолла режимін құлатпай тоқтамаймыз.

Иран халқының талабы анық, олар бұл жүйені қаламайды. Тарих халықтың күш-қуатына еш нәрсе кедергі бола алмайтынын талай рет дәлелдеді. Иран халқы бүгінде өз тарихын қайта жазып жатыр, – деді Пехлеви.

Сөз соңында ол ирандық әскери қызметкерлерге де үндеу жасады.

– Бүгін бүкіл әлем бізге қарап тұр. Иран сарбаздарын халық жағына шығуға шақырамын. Алдағы сағаттар шешуші болады, – деді ол.

Бұған дейін хабарланғандай, Иранда жаппай наразылықтарға байланысты интернетке шектеу қойылды.

Соңғы жаңалықтар