Спорт • Кеше

«Қайрат» Чемпиондар лигасы матчы алдында ойсырай жеңілді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БАӘ-де оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Алматының «Қайраты» Әбу-Дабиде Әзербайжанның «Нефтчиімен» жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Қайрат» Чемпиондар лигасы матчы алдында ойсырай жеңілді

Былтыр ел чемпионы атанумен қатар УЕФА Чемпиондар лигасын сәтті өткізіп, негізгі кезеңіне жолдама алған Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері Парсы шығанағындағы матчта тым сүреңсіз ойнады. Бәсеке 3:0 есебімен бакуліктердің пайдасына шешілді. Голдардың үшеуі де екінші таймда соғылды. Тарқатып айтсақ, 67 минутта Альянский, 89 минутта Абубакар және 90+2 минутта Мамедов мергендік танытты. «Қайрат» қанша талпынғанымен бірде-бір рет нәтижелі шабуыл ұйымдастыра алмай, әбден әлекке түсті. 

«Қайрат» – «Брюгге» матчы: билеттер сатылымы басталды

Келесі жолдастық кездесуде алматылықтар 14 қаңтарда Хорватияның «Вараждинасына» қарсы өткізеді. Ал оқу-жаттығу жиыны 15 қаңтарда аяқталады. Содан кейін «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасындағы ойындарын жалғастырады.

Бұған дейін Офри Арадтың «Қайраттан» кеткені хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар