Саясат • 12 Қаңтар, 2026

Иранның құты қашты: АҚШ дем беріп, Пехлеви ереуілге шақырды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иранда бірнеше күннен бері елдің түкпір-түкпірін қамтыған жаппай наразылықтар жалғасып жатқан тұста АҚШ президенті протестке шыққан азаматтарға ашық қолдау білдірді. Ол TruthSocial әлеуметтік желісінде ирандықтарға көмектесуге дайын екенін жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иранның құты қашты: АҚШ дем беріп, Пехлеви ереуілге шақырды

Сурет ЖИ көмегімен жасалды

«Иран, бәлкім, тарихында алғаш рет бостандыққа осыншалықты ұмтылып отыр», деді Д. Трамп.

Бұған дейін ол Иран билігі бейбіт шерушілерге оқ ататын болса, АҚШ араласуы және соққы беруі мүмкін екенін ескерткен.

Наразылықтың күшеюі ел ішіндегі саяси қысымды арттырып отыр. Сенбі күні Иранның соңғы шахының ұлы Реза Пехлеви шерушілерге үндеу жасап, қалалардың орталықтарын басып алып, оларды бақылауда ұстауға шақырды. Сонымен қатар ол экономиканың негізгі салаларында жұмыс істейтіндерді жалпыұлттық ереуілге шығуға үндеді.

Ирандағы наразылықтар: мешіттер өртеніп, құрбандар туралы мәлімет тарады

Пехлеви Иранға қайта оралуға дайын екенін де жариялады. Оның айтуынша, ол «ұлттық революция жеңіске жеткен сәтте ұлы халықпен бірге болу» үшін елге келмек.

Ирандағы үкіметке қарсы наразылықтардан ауруханаларға ауыр жарақатпен түскен жандар күрт көбейген.

Соған байланысты дүмпу кезінде опат тапқан қауіпсіздік күштерінің қызметкерлерін еске алу мақсатында үкімет  үш күндік ұлттық аза тұту жариялады.

Соңғы жаңалықтар