Фото: Қостанай қалалық ардагерлер кеңесі
Барлық балалар сияқты жарқын болашақ туралы армандап өскен ол соғыс басталған кезде небәрі 15 жаста екен. Бірден майданға аттанғысы келсе де, жас мөлшері сәйкес келмеген. Әскерге шақыру қағазын 18 жасында алған.
Содан кейін Чебаркуль қаласында әскери дайындықтан өтіп, майданға жіберілген. Ол Одер өзеніндегі ұрыстарға қатысып, Жеңіс туралы хабарды Кёнигсберг қаласында естіген. Демобилизация басталған соң Польшаға жіберіліп, 1950 жылға дейін қызмет атқарған.

Әскерден оралғаннан кейін Ділдәбек Нұрышев өндіріс саласында еңбек еткен. Отбасын құрып, 5 бала тәрбиелеп өсірген. Ардагер «енді ешқашан соғыс болмаса екен» деп тілейді.