Футбол • 12 Қаңтар, 2026

«Астана» футбол клубы жаңа маусымға дайындықты бастады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» ФК биылғы маусымдағы өздерінің алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады. Бұл күндері олар елордада даярланып жатыр. Жиын 28 қаңтарға дейін созылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Астана» футбол клубы жаңа маусымға дайындықты бастады

Астанадағы жиынға төмендегі футболшылар қатысып жатыр: 

Қақпашылар – Мұхаммеджан Сейсен, Данила Карпиков, Йосип Чондрич, Имран Тұлақбаев.

Қорғаушылар – Санжар Әнуаров, Бранимир Калайца, Карло Бартолец, Ян Вороговский, Алекса Аманович, Тимур Төкенов.

Жартылай қорғаушылар – Абзал Бейсебеков, Марин Томасов, Иван Башич, Назми Грипши, Эльхан Астанов, Станислав Басманов, Арман Кеңесов, Руслан Уәлихан, Мақсат Абраев, Ахметәли Қалтанов.

Шабуылшылар – Рамазан Кәрімов, Ннамди Аханону, Арсен Ахметов.

Премьер-лига ойындары басталғанға дейін аталған команданың құрамы тағы бірнеше жаңа ойыншылармен толығатыны анық. Өйткені, олар биылғы маусымда қалай да чемпиондық атаққа қол жеткізуді көздейді. Елордадағы жиын аяқталғаннан кейін Григорий Бабаянның шәкірттері шетелге аттанып, даярлық жұмыстарын сол жақта жалғастырады.

Соңғы жаңалықтар