ОРАЛ. 12 мамыр. Батыс Қазақстан облысының орталағы - Орал қаласында тұрғындарға «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша пәтер алып береміз» деп, халықты алдап жүрген алаяқтар қолға түсті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Олар өздерін әкімдікте істейміз деп таныстырған екен. Алдын ала белгілі болған деректерге сүйенсек, осы кезге дейін 6 алаяқ 50 адамды 200 млн. теңгеден астам шығынға батырған.
Аталған іске байланысты 2014 жылдың қаңтарында облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері алаяқтық деректері бойынша тергеу амалдарын бастаған. Содан бері үздіксіз жалғасып келген тексеруді таяуда аяқтады. Нәтижесінде әкімдік атын жамылғандар өз құрбандарын көрсеткен.
Осы аралықта полицияға 26 адам арызданған. Бұдан кейін бірден 20 қылмыстық іс қозғалды. Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті тергеу басқармасының бастығы Мағауия Құрмашевтың айтуынша, тұрғындар өздерін пәтермен «жарылқаушылардың» бірі Қарлыған Хафизоваға 30-40 мың доллардан ұстатқан. Бұл сомалар «пәтерлердің ішкі құрылымы мен шаршы метріне сай төленген».
Алаяқ әйел олардың көңілдерінде күдік қалмауы үшін: «Үй құрылысы аяқталды. Бірақ мұнда барлық пәтерлер сатылымға түскен жоқ. Сондықтан мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алғысы келгендердің маған жолығуларына болады», – деп, сендіріп отырған.
Алайда, құқық қорғау органдары анықтағандай, жоғарыда аталған 6 «жарылқаушының» ешқайсысы мемлекеттік қызметке немесе әкімдікке еш қатысы жоқ. Соған қарамастан, олар өздерін бейне бір әкімдікте істеп жүргендей етіп көрсете білген. Әкімдік ғимаратының жанында, тіпті оның есігінің қасында еш именбестен, адамдармен кездескен. Бұл жөнінде Мағауия Құрмашев: «Дәл әкімдікте істейтін адамдар секілді ғимаратқа кіріп кетеді де, қағаздар алып шығады екен. Сонда төменде күтіп тұрғандар олар өте жауапты тұлғаға жолығып шыққандарына күмәні қалмаған», – деді.
Темір Құсайын.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: vesti.ru.
• 12 Мамыр, 2015
Оралда әкімдік атын жамылған алаяқтар 200 млн. теңгені қолды қылған

Айбын • Бүгін, 18:00
Жамбыл облысында жоғалған малшы аман табылды
Оқиға • Бүгін, 17:45
Айбын • Бүгін, 17:20
Астанада бірнеше автобус аялдамасы уақытша жабылды
Елорда • Бүгін, 16:55
Жаңа саяси күш: «Әділет» партиясының басты ұстанымдары қандай?
Партия • Бүгін, 16:24
Димаштың жанкүйерлері шала туған сәбилерге көмек көрсетті
Оқиға • Бүгін, 15:50
Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30
Unitree роботы мен әскери шоу: Астанадағы мереке ерекше форматта өтті
Мереке • Бүгін, 15:05
5 миллион теңге: Қазақстан ардагерлерді қолдау бойынша көш бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:44
7 мамырдағы валюта бағамы белгілі болды
Теңге • Бүгін, 14:36
Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты
Ата заң • Бүгін, 14:25
Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15
Кең көлемді амнистия: ІІМ кімдерге жеңілдік болатынын түсіндірді
Қоғам • Бүгін, 13:45
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 13:19
«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі
Айбын • Бүгін, 13:00