Ауа райы • 12 Қаңтар, 2026

Астана әуежайында ауа райына байланысты бірқатар рейс кешіктірілді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қолайсыз ауа райы салдарынан елорда әуежайында ұшу кестесіне уақытша өзгерістер енгізілді. Қазіргі таңда Астана бағытына қатынайтын алты рейс кешігіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Астана әуежайында ауа райына байланысты бірқатар рейс кешіктірілді

Фото: nn-airport.kz

Әуежайдың жедел дерегіне сәйкес, төмендегі рейстердің келу уақыты кейінге шегерілді:

KC 584 Сания – Астана;
DV 784 Өскемен – Астана;
IQ 400 Ақтөбе – Астана;
FS 7316 Қызылорда – Астана;
IQ 438 Петропавл – Астана;
KC 656 Доха – Астана.

Жолаушыларға әуежайға жол тартпас бұрын ауа райы мен жол жағдайын ескеріп, рейстердің өзекті мәртебесін тексеру ұсынылады. Ақпаратты әуекомпаниялардың байланыс орталықтарынан және әуежайдың ресми сайтындағы онлайн таблодан алуға болады.

Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, барлық қызмет күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілген. Перрон мен вокзал маңы аумағында қар тазалау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы техника жұмылдырылған.

Сонымен қатар жолаушылардан сабыр сақтап, рейстерге қатысты ақпаратты тұрақты түрде бақылап отыру сұралады, себебі ауа райы жағдайына байланысты ұшу кестесіне қосымша түзетулер енгізілуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар