Фото: ашық дереккөз
Сот материалдарына сәйкес, 2025 жылдың басында әуежайдың Экономикалық қауіпсіздік қызметінің қызметкері Бақытжан Құрманбаев тіркеу агенті Умида Абдухалилованың жолаушылардан заңсыз сыйақы алғанын анықтаған. Бұзушылық бейнеленген бейнежазбалар тәртіптік комиссияның қарауына жіберілген.
Ақмола облысында 7,3 млн теңгенің жерін алаяқтықпен сатқан экс-директор сотталды
23 сәуірде комиссия әйелге қатаң сөгіс жариялаған. Осыдан кейін Құрманбаев әріптесіне комиссияның шешіміне өзі ықпал еттім деп айтып, сол арқылы оның жұмыста қалуына «көмектестім» деген. Сол «қызметі» үшін ол 1 млн теңге талап еткен. Келесі күні Абдухалилова ақшаны берген. Бұл сәт бейнежазбаға түсіп, Құрманбаевты полиция қызметкерлері ұстаған.
Сот Құрманбаевтың комиссия шешіміне нақты ықпал ету мүмкіндігі болмағанын анықтады. Соған қарамастан, ол қызметтік жағдайын және әріптесінің сенімін пайдаланып, ақшаны иемденген. Осыған байланысты ол алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына және үш жыл бойы ішкі қауіпсіздік саласында жұмыс істеуге тыйым салынды.
Түркістан облысында бас дәрігер мемсатып алу арқылы алаяқтық әрекетке барған
Сонымен бірге сот амнистия туралы заңды қолданды. Себебі келтірілген шығын толық өтелген. Осыған байланысты сотталған адам негізгі жазаны өтеуден босатылды.
Жәбірленушінің моральдық және қосымша материалдық шығынды өндіріп алу туралы талабы қанағаттандырылмады. Алайда сот Құрманбаевты жәбірленушінің адвокатына кеткен 1 млн теңгені және өтемақы қорына 58 980 теңге төлеуге міндеттеді.
Түркия алаяқтық бойынша айыпталған күдіктіні Қазақстанға қайтарды
Үкімге әлі шағым түсуі мүмкін.