Фото: ашық дереккөз
Сандудың айтуынша, 1980 жылдардың соңында Молдовада ұлттық жаңғыру қозғалысы күшейіп, Румыниямен қайта қосылу жайы жиі талқыланған. Себебі Молдова бұған дейін Румынияның құрамында болған.
«1980 жылдардың соңында ұлттық жаңғыру қозғалыстары жүріп, Румыниямен қайта қосылу жайы талқыланды. Бірақ сол кезде нақты қанша адам мұны қолдайтынын білмедік, өйткені референдум өткен жоқ», деді ол.
Журналистердің тікелей сұрағына жауап берген Санду бұл идеяны қолдайтынын жасырмады.
«Егер референдум өткізілсе, мен Румыниямен бірігу үшін дауыс берер едім», деді Молдова президенті.
Ол мұндай көзқарасын қазіргі геосаяси ахуалмен түсіндірді.
Молдова президентінің Румынияға баяғыдан бүйрегі бұратын. Бұдан үш жыл бұрын Майя Санду мемлекеттік тілді молдова тілінен румын тіліне ауыстыру туралы жарлыққа қол қойған еді.