Футбол • 13 Қаңтар, 2026

«Астана» ең үздік сұрмергенін сататынын хабарлады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» футбол клубы өз тарихында ең күрделі кезеңдердің бірін бастан өткеріп жатыр. Елордалық клубтың бас бапкері Григорий Бабаян жақын арада жартылай қорғаушы Назми Грипшимен қоштасуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«Астана» ең үздік сұрмергенін сататынын хабарлады

Фото: kazfootball.kz

Өткен маусымда 28 жастағы жартылай қорғаушы 26 матчта 16 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген. Грипши бұл нәтижесімен ел  чемпионатының ең үздік сұрмергені атанып, Дастан Сәтпаев пен Марин Томасовты артта қалдырды.

Vesti.kz мәліметінше, қазір Назми Грипши командасымен бірге жаттығып жүр. Оған қатысты клуб үшін тиімді ұсыныс түссе қарастырылатыны белгілі болып отыр. 

Григорий Бабаян бұл мәселе тек Грипшиге қатысты емес, «Астанамен» қолданыстағы келісімшарты бар кез келген футболшыға қатысты екенін жеткізді. 

Бұған дейін футболшыға АҚШ пен Канада жоғары лигасында ойнайтын клубтар тарапынан қызығушылық бар екені, «Астанадан» трансферін сатып алуға дайын екені хабарланған.

Грипшидің елордалық клубпен келісімшарты 2026 жылдың жазы­нда аяқталады. Ал оның трансферлік құны – 1,5 миллион еуро деп бағаланып отыр.

Бұған дейін алматылық «Қайраттан» израильдік жартылай қорғаушы Офри Арад кеткенін хабарлағанбыз. 

Сондай-ақ отандасымыз Ғалымжан Кенжебек ресми түрде ресейлік «Ахматтың» ойыншысы атанды.

Еске салайық, «Қайрат» – «Брюгге» матчына билеттер сатылымы басталды.

Соңғы жаңалықтар