Аталған жоба қаланың жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша кезең-кезеңімен атқарылып жатқан жұмыстың бір бөлігі ғана. Ал қос даңғылды жалғайтын оң жақ өткел сол аумақтағы жол қозғалысын оңтайландыруға бағытталған.
Айта кету керек мегаполисте магистральды жолдардың өткізу мүмкіндігін арттыру, көлік кептелісін азайту, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Осы орайда Шымкентте қазіргі және болашақтағы көлік ағымы ескеріліп, көлік өткелдері мен жолайырықтарын салу және жаңарту бойынша кешенді жобалар жүзеге асырыла бастады.