Қаржы • 14 Қаңтар, 2026

Қайтарылған қаржы аурухана құрылысына жұмсалды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысындағы Қазалы көпсалалы орталық аудандық ауруханасына 42 төсек-орынға арналған қосымша корпус салынып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Қайтарылған қаржы аурухана құрылысына жұмсалды

Жаңа нысанға прокуратура органдары арқылы мемлекетке қайтарылған қаражат жұмсалған.

Қайтарылған активтер: СҚО-дағы аурухананы жөндеуге 1,3 млрд теңге бөлінді

Ауданға сапарлап барған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен облыс прокуроры Ризабек Ожаров Әйтеке би кентінде салынып жатқан құрылыс жұмыстарының сапасын тексеріп, аурухананы заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарымен танысты. Жобаның жүзеге асырылу барысы Қызылорда облысы прокуратурасының бақылауында тұр.

Көп ұзамай пайдалануға берілетін нысан бөлімшелерге түсетін жүктемені едәуір азайтып, медициналық көмектің жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қайтарылған қаржыға Тайынша ауруханасы жаңартылды

 

 

Соңғы жаңалықтар