АСТАНА. 24 наурыз. Белгілі киноактриса Анджелина Джоли ота арқылы аналық безі мен жатыр түтігін алдырып тастады. Оған актрисаның аталған дене мүшелерінен қатерлі ісіктің пайда болуы себеп болған. Бұл туралы interfax.by хабарлады.
Бұған дейін дәрігерлер Джолидің аналық безінен қатерлі ісікті анықтап, ем-дом жасаған болатын. Бақытына орай ісік аса қауіп тудырмады. Соған қарамастан ол ота жасатуға келісімін берді. Мұндай шешім қабылдауына туғандарының дәл осындай қатерлі ісікпен ауырғаны себеп болды. Тіпті соның салдарынан әжесі, анасы және әпкесі өмірден өткен екен.
АҚШ басылымдарының біріне берген сұхбатында 39 жастағы актриса: «Мен қазір ем-дом қабылдап жүрмін. Дәрігерлер алдағы уақытта аз-кем физикалық өзгерістер болуы мүмкін екендігін айтты. Ең өкініштісі, мен енді мүлдем бала көтере алмаймын», – деді.
Айта кетейік, 2013 жылдың мамыр айында Анджелина Джоли қатерлі ісіктің алдын алу мақсатында сүт безіне де ота жасатқан еді. Бүгінде өмірлік жолдасы Бред Питт екеуі алты бала тәрбиелеп отыр. Олардың үшеуін актриса өзі өмірге әкелсе, үшеуін ерлі-зайыптылар асырап алған.
Еламан Қоңыр.
Дерек: interfax.by.
Сурет: dni.ru.
• 24 Наурыз, 2015
Анджелина Джоли қатерлі ісікке қарсы ота жасатты

Қаржы • Бүгін, 09:00
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Қазақстан және Өзбекстан шекарасында көлік кептелісі пайда болды
Қазақстан • Кеше
Қорғаныс министрі соғыс құрбандарын еске алды
Қоғам • Кеше