Фото: Астана қаласы әкімдігі
Бұл шақыртулар талапкердің жеке өтініші негізінде емес, жоғары оқу орындарының өз бастамасымен жолданған.
Шақырту жолдаған университеттердің қатарында Ivy League құрамына кіретін Harvard University мен Brown University, сондай-ақ University of Cambridge, Stanford University, Massachusetts Institute of Technology (MIT) және әлемдік беделді рейтингтерде көш бастап тұрған өзге де алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары бар.
Астаналық оқушы шахматтан өткен әлем чемпионатында күміс медаль иеленді
Университеттер Аяланың академиялық және зерттеушілік әлеуетін алдын ала жан-жақты саралап, соның негізінде оқуға шақырған. Мұндай тәжірибе әлемдік жоғары білім беру кеңістігінде сирек кездеседі және талапкерге көрсетілген жоғары сенімнің айқын дәлелі саналады.
Оқушыға ұсынылған қаржылық қолдаудың жалпы көлемі 2 миллион АҚШ долларын құрайды. Аталған қаражат оқу шығындарын толық немесе ішінара өтеуге мүмкіндік береді.
Аяланың академиялық жолы 8-сыныптан басталған. Осы уақыт аралығында ол халықаралық білім беру бағдарламаларына, академиялық және ғылыми-зерттеу жобаларына тұрақты түрде қатысқан. Университеттерден ресми шақырту алғанға дейін әртүрлі елдерден келген қатысушылармен бірлесіп халықаралық жобаны іске асырып, оны практикалық деңгейде жүзеге асырған. Жобаға инвестиция тартылып, нақты нәтижеге қол жеткізілген.
Жас өнертапқыштардың әлеуеті: Идеялар неліктен өндіріске жетпей қалады?
Қазіргі таңда Аяла Канадада орналасқан компанияда осы жоба аясында жұмыс істеп, мектептегі оқуын кәсіби қызметпен қатар алып жүр. Сонымен қатар ол 11-ші сынып оқушысы бола тұра, университеттік курстардан өтіп, болашақта есептелетін академиялық кредиттерді алдын ала меңгеріп жатыр.