Спорт • Бүгін, 10:00

Жарыс күнделігі

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тау шаңғысынан Италияның Поцца-ди-Фасса қаласында жасөспірімдер арасында өткен халықаралық турнирдің алып слалом сайысында Александра Скороходова алтыннан алқа тақты. Күміс, қола медальдарды канадалық Симона Сент-Пьер мен америкалық Ноэль Рот иеленді. Былтырғы қарашада Скороходова Финляндиядағы жарыста алдына жан салмай, желтоқсанда Италиядағы бәсекеде жүлдегерлер қатарына қосылған еді.

Жарыс күнделігі
  • Өскеменде волейболдан Қазақстан суперкубогінің иегері анықталды. Бас жүлде үшін тартыс ел чемпионы Талдықорғанның «Жетісуы» мен кубок иегері Түркістанның «Тұраны» арасында өрбіді. Бұл бәсеке 3:0 (25:22, 25:22, 25:17) есебімен аяқталды. Сөйтіп, «Жетісу» өз тарихында бесінші рет суперкубок олжалады.

а

  • Шайбалы хоккейден еліміздің жастар құрамасы мен Астананың «Барыс» клубының шабуылшысы Семён Симонов №81 болып Ұлттық хоккей лигасының (ҰХЛ) кеңейтілген драфына ілікті. Былтыр ол елордалық команданың сапында 42 рет мұз айдынына шығып, 15 (9 гол+6 пас) ұпай жиды. Егер әлемдегі ең үздік лига­дағы клубтардың бірі Симоновты өз қатарына қабылдаса, 20 жастағы дарынды ойыншыға бұл ерекше мәртебе болары сөзсіз.  
Соңғы жаңалықтар