Қоғам • 18 Қаңтар, 2026

Маңғыстауда екі тәулік жолда тоңған жүк көлігі жүргізушісіне полицейлер көмектесті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында патрульдік полиция қызметкерлері көлігі бұзылып, «Ман ата» өрінде екі тәулік бойы тұрып қалған жүк көлігі жүргізушісіне көмек көрсетті, деп хабарлады Egemen.kz.

Маңғыстауда екі тәулік жолда тоңған жүк көлігі жүргізушісіне полицейлер көмектесті

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 17 қаңтар күні Шетпе − Сайөтес автожолының 230-556-шақырым аралығында Volvo жүк көлігі техникалық ақау салдарынан істен шыққан.

Жүк көлігі өрде екі тәулік бойы қозғалыссыз тұрған. Жүргізуші Түркістан облысының тумасы екені нақтыланды.

Жол учаскесін патрульдеу кезінде полиция ротасының қызметкерлері тұрып қалған көлікті байқап, дереу көмекке барған. Полицейлер жүк көлігін өрдің ең жоғары бөлігіне шығарып, жол қозғалысына кедергі келтірмейтін, қауіпсіз жерге жылжытып қойған. 

Жолда қалып қойған жолаушы құтқарылды

Сонымен қатар тәртіп сақшылары жүргізушіні ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, шай берген.

Қарағанды облысында жолда қалып қойған 32 жолаушы құтқарылды

Көмек көрсеткен қызметкерлер: полицияның аға лейтенанттары Бақытжан Аян және Бектұрлы Есбол.

Полиция департаменті жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтарға көмек көрсету жұмыстары тәулік бойы жалғасатынын атап өтті.

Павлодарда үсік шалғандар көбейді: 24 адам ауруханаға түсті

Соңғы жаңалықтар