Оқиға • 19 Қаңтар, 2026

Көкшетаулық жігіт сауда орталығынан 129 мың теңгенің киімін ұрлап кеткен

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетау қаласындағы ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде «Armani» брендінің қымбат киімі қолды болды. Жедел басқару орталығының мамандары бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктіні бірнеше сағаттың ішінде анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетаулық жігіт сауда орталығынан 129 мың теңгенің киімін ұрлап кеткен

Sinegor.kz басылымының жазуынша, сауда орнынан «Armani» брендінің құны 129 мың теңге тұратын спорттық костюмі жоғалған. Сатушылар тауардың жоқ екенін бірнеше сағат өткен соң ғана байқап, бірден құқық қорғау органдарына хабарласқан.

Жезқазғанда бірнеше ұрлық жасаған ағайынды күдіктілер ұсталды

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер сауда орталығының ішіндегі және оның аумағындағы бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап шықты. Бұл күдіктінің жүрген бағытын жылдам анықтап, оның жеке басын белгілеуге мүмкіндік берді.

Нәтижесінде 25 жастағы Көкшетау тұрғыны ұсталды. Ұрланған тауар тәркіленіп, дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар