фото: aa.com.tr
Анадолы агенттігінің жазуынша, Жапонияның Жер, инфрақұрылым, көлік және туризм министрлігінің мәлімдеуіне сәйкес туристік тікұшақ Кумамото префектурасындағы Асо жанартауы ауданы арқылы ұшады деп жоспарланған.
Ауыр жағдайдағы сәби тікұшақ арқылы Астанаға шұғыл жеткізілді
Тікұшақ бортында ұшқыш пен Тайваньнан келген екі жолаушы болған.
Ұшу барысында тікұшақ апаттық сигнал жіберген, алайда белгіленген уақытта базаға оралмаған. Аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары басталды.
Министрлік оқиғаның мән-жайын тексеру жалғасып жатқанын айтты.