Жануарлар • 22 Қаңтар, 2026

«Семей орманы» резерватында сирек кездесетін сілеусін көзге түсті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері қорғалатын аумақта мекендейтін сирек кездесетін сілеусінді бейнежазбаға түсіріп алды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Семей орманы» резерватында сирек кездесетін сілеусін көзге түсті

Жыртқыш аң Бөкебай филиалына қарасты Шадрухин орманшылығы аумағында жоспарлы тексеріс барысында байқалған. Резерват қызметкерлері сілеусінді видеоға түсіріп алған.

Жетісу аумағында сирек кездесетін жыртқыш фототұзаққа түсіп қалған

Сілеусіндер негізінде түнде белсенді болғандықтан, адамдардың көзіне өте сирек түседі. Сондықтан сілеусінді көріп қалған сәттер жиі бола бермейді. Мамандардың айтуынша, сілеусіннің бұл аумақта болуы орман экожүйесінің сау әрі тіршілікке қабілетті екенін көрсетеді. Ал жыртқыштың аңшылық қабілеті табиғи тепе-теңдікті сақтауда маңызды рөл атқарады.

Катонқарағай табиғи паркінде сирек кездесетін құс фототұзаққа түсіп қалды

«Резерват аумағында аң аулауға қатаң тыйым салынған. Мұндай қорғау шаралары табиғи байлықтарды сақтауға және сирек кездесетін жануар түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әрбір тірі ағза – орман экожүйесінің ажырамас бөлігі, ал оларды қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз», деп еске салды «Семей орманы» резерватының әкімшілігі.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау өңіріндегі Үстірт жазығында орнатылған фототұзақтар дала мысығын түсіріп алған еді.