Фото: medpomosh.ru
Аталған жағдайға байланысты Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты. Белгілі болғандай, балалардың жасы 12-17 жас аралығында. Олардың барлығы күрестен оқу-жаттығу жиынына қатысу үшін Қызылорда облысынан келген.
«Ауруханаға жатқызылғандарға қойылған алдын ала диагноз – этиологиясы анықталмаған гастроэнтерит (асқазан мен жіңішке ішектің шырышты қабығының қабынуы). Аурудың себебін анықтау үшін науқастардан және тағам өнімдерінен зертханалық сынамалар алынды. Зерттеу нәтижелерін күтіп отырмыз», деп хабарлады әкімдік.
Павлодарда бір топ бүлдіршін балабақшада ұшынып, ауруханаға түсті
Қазіргі уақытта облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен аудандық полиция бөлімі тексеру жүргізіп жатыр. Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасарлары Айжан Есмағамбетова мен Серік Сәлемов барды.
Ауруханаға жатқызылған балалардың жағдайы қанағаттанарлық. Лагерьдегі қалған балалар медициналық тексеруден өтті, олардан ауру белгілері анықталған жоқ. Жалпы демалыс аймағында 103 жас спортшы және 13 жаттықтырушы болған.
Айта кетейік, 2025 жылы қазан айында Арқалықта тойға барған 85 адам астан уланып, ауруханаға түскен болатын.