Фото: Ашық дереккөз
Соттың Қазақстан аумағынан тысқары шығару туралы шешімдерін орындаудан жалтарып жүрген шетелдіктерді анықтау мақсатында кешенді шаралар жүргізіліп жатыр.
Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 27 шетелдік елден шығарылды
«Жыл басынан бері Атырау облысында көші-қон заңнамасын бұзған 91 шетелдік азамат анықталды. Оның ішінде соттың ел аумағынан тысқары шығару туралы шешімін өз еркімен орындамаған 18 шетелдік бар. Сот шешімін орындаудан жалтарған шетелдіктер Маңғыстау облысында орналасқан «Тәжен» бақылау-өткізу бекеті арқылы ел аумағынан тысқары шығарылды. Шетелдіктерге Қазақстан аумағына 5 жыл мерзімге кері кіруге тыйым салынды», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Атырауда бір жыл бойы заңсыз жүрген шетелдік азамат елден шығарылды