Футбол • Бүгін, 17:33

«Каспий» командасының бас бапкері ауысты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласының «Каспий» футбол клубы жаңа бас бапкердің тағайындалғанын ресми түрде хабарлады. Команданы 42 жастағы маман Пиралы Әлиев тізгіндеді, деп жазады Egemen.kz

«Каспий» командасының бас бапкері ауысты

Фото: «Жеңіс» футбол клубы

Пиралы Әлиев – Алматы қаласындағы футбол мектебінің түлегі. Ойыншы ретіндегі мансабында ол Қазақстанның бірқатар клубында өнер көрсетті. Атап айтқанда, «Қайрат», «Атырау», «Жетісу», «Локомотив», «Тобыл», «Ордабасы», «Ертіс» командаларының намысын қорғады. 2006-2007 жылдары «Жеңіс» клубының құрамында ойнап, екі рет Қазақстан чемпионы атанды. Сондай-ақ ол елдің ұлттық құрамасы сапында 5 матч өткізген.

Чемпиондар лигасында гол соққан «Қайрат» ойыншысы «Ақтөбеге» ауысады

Бапкерлік қызметін Пиралы Әлиев 2021-2022 маусымында Түркияның «Истанбулспор» клубының жастар командасын басқарудан бастады. 2023-2024 маусымында оның шәкірттері Түркия жастар біріншілігінің «B» дивизионында чемпион атанды. Сонымен қатар 2023 жылы Әлиев Түркия Суперлигасында «Истанбулспордың» негізгі командасында бас бапкердің міндетін атқарып, клуб тізгінінде екі матч өткізді.

Футбол комментаторы «Ордабасы» клубы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

2024 және 2025 маусымдарында Пиралы Әлиев елордалық «Жеңіс» клубында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарды. Енді ол «Каспий» командасының бас бапкері ретінде өзін көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Соңғы жаңалықтар