Аймақтар • 23 Қаңтар, 2026

Қостанайда су құбыры жарылды: Тұрғындар қақаған суықта сусыз отыр

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сақылдаған сары аяз тозығы жеткен су құбырларын шыдатар емес. Осыдан он күн бұрынғы қақаған суықта Баймағаметов көшесіндегі құбыр желісі жарылып, тұрғындар бір жарым тәулік бойы сусыз қалып еді. Кешегі үскірік аязда тағы бір құбыр жарылып, 6 көппәтерлі үй, 11 жеке тұрғын үй, 4 комерциялық нысан сусыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда су құбыры жарылды: Тұрғындар қақаған суықта сусыз отыр

Бүгін ауа температурасы -31 градусты көрсетіп тұр.

Қостанайда жыл басынан бері 20 адамды үсік шалған

Қала әкімдігінің мәліметінше, Рабочий, Бородин көшелерінің қилысында жатқан диаметрі 300 мм құбыр әбден тозып кеткен.

«22 қаңтарда сағат 20:45-те ҚЖЭК, «Қостанай-Су» МКК диспетчерінен өтінім түсті, учаскені тексеру үшін жедел әрекет ету орнына дереу бригада шықты. Құбыр қалпына келтіріліп, жол бойы мұздан тазартылды. Апат салдары бүгін сағат 20:00-ге дейін толық жойылады. Тұрғындар сырттан әкелінген ауыз сумен қамтамасыз етіліп жатыр», деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.   

Қостанай облысында 44 жолаушы жылу пунктіне жеткізілді

Соңғы жаңалықтар

«Australian Open» қызған шақ

Теннис • Бүгін, 08:15

Үш емдеу мекемесі ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Жыр алыбымен жүздескен қыз

Тарих • Бүгін, 08:05

Мергенсайдағы білім ошағы

Келешек мектептері • Бүгін, 08:00

Мектебі көбейген мегаполис

Келешек мектептері • Бүгін, 07:55