Фото: gov.kz
А.Ластаев өмір сүру құқығын абсолютті құқық ретінде бекіту бастамаларын қолдау қазіргі қазақстандық мемлекеттің басты құндылықтарын көрсететінін атап өтті.
«Біз мүмкіндігінше өмір сүру құқығын абсолютті етуге өтініш білдірдік. Бұған көптеген беделді сарапшылар, соның ішінде халықаралық деңгейдегілер де: «Жарайсыңдар!» деп айтады», деді ол.
С.Пономерев: «Таза Қазақстан» – Конституциядағы жаңа жауапкершілік өлшемі
Омбудсменнің айтуынша, өмір сүру құқығының абсолютті сипатын Конституцияда бекіту тек өлім жазасынан бас тартуды білдірмейді, сонымен қатар кез келген жағдайда – апат кезінде, ауыр халде немесе шабуыл жасалғанда – азаматтардың өмірін міндетті қорғауды қамтамасыз етеді.
Артур Ластаев әділ сотқа кепілдіктерді адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары бөліміне көшіру жөніндегі ұсыныстар Қазақстанның ұлттық құндылықтары мен тарихи тәжірибесіне толық сәйкес келетінін айтты.
«Бұл қағидаттар билер соты дәуірінен бері қалыптасып, азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін, жеке бостандығын және жеке өміріне қол сұғылмаушылықты дәстүрлі түрде қорғап келген. Бұл қағидаттарды негізгі адам құқықтарының қатарына енгізе отырып, біз Конституцияда ұлттық құндылықтарымызды әрі тарихи тәжірибемізді бейнелейміз», деп түйіндеді А.Ластаев.
Н.Шаталов: Конституциялық реформа шеңберінде сөз бостандығы және бейбіт жиналыстар құқығы сақталады
Сонымен қатар, ол Конституцияның жетінші бөлімінің атауын өзгерту бастамасын қолдап, бұл өзгерістер адам құқықтарын қорғауға басымдық беруді күшейтетінін атап өтті. Омбудсменнің пікірінше, жаңартылған Конституция редакциясында осы нормаларды бекіту Қазақстан үшін адам мен оның құқықтары мен бостандықтары – ең жоғары құндылық екенін растайды.
Б.Алтынбеков: Конституциялық реформа – дамудың жаңа бағытын таңдау