Фото: ҚазМұнайГаз баспасөз қызметі
Bloomberg агенттігінің дереккөзіне сүйенсек, келіспеушілік өнімді бөлудің келісімі аясында туған. Қазақстан тарапы Қарашығанақ жобасының операторлары мемлекет есебінен келісілмеген артық шығындар мен өтелуге жатпайтын өзге де шығыстарды жапқанын алға тартқан. Бұл шығындар кейін ел бюджетіне салмақ түсірген.
Аталған жобаның операторлары қатарында Shell мен Eni бар. Ал консорциум құрамына Chevron, Лукойл және ҚазМұнайГаз кіреді.
Іс Лондонда жабық форматта өткен халықаралық төрелікте қаралған.
Соған қарамастан, Bloomberg дереккөздерінің мәліметінше, төрелік Қазақстан Үкіметінің уәжін негізді деп таныған. Бұл шешім Қарашығанақ жобасына қатысушы серіктестердің Қазақстанға 2 млрд доллардан 4 млрд долларға дейін қаржы қайтаруына жол ашуы мүмкін.