Спорт • 27 Қаңтар, 2026

Биыл Жамбыл облысында 13 спорт кешені ашылады

22 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы өңірде 3 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылып, 2 спорт мекемесі спорт клубы ретінде қайта құрылды. Бұл жұмыс осы жылы да жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл Жамбыл облысында 13 спорт кешені ашылады

Қазіргі таңда облыстағы спорт мекемелерінде 27 507 спортшы тұрақты түрде жаттығып, олармен 1136 жаттықтырушы жұмыс жүргізіп жатыр. Өңірде спорттың 88 түрі қамтылып, 858 жамбылдық спортшы түрлі деңгейдегі Ұлттық құрама командалардың сапында өнер көрсетіп жүр.

2025 жыл жамбылдық спортшылар үшін табысты болды. Олар республикалық және халықаралық жарыстарда 1 856 медаль иеленді. Оның ішінде 686 алтын, 515 күміс және 655 қола жүлде бар. Өткен жылдың басты халықаралық додасы – Токиода өткен Сурдлимпиада ойындарында Жамбыл облысынан 12 спортшы 7 спорт түрінен сынға түсіп, 1 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

Сурдлимпиада жүлдегерлері марапатталды

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ернар Ибраимовтың айтуынша, өңірде спорт инфрақұрылымын дамыту жұмыстары да қарқын алған. Қазіргі таңда облыс аумағында 2 465 спорт нысаны жұмыс істеп тұр, олардың барлығы тұрғындар үшін толықтай қолжетімді. 2025 жылы 8 спорт нысаны мен 103 спорт алаңшасы пайдалануға беріліп, нәтижесінде халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтылу деңгейі 75,4 %-ға жетті.

Елуден астам спорт және мәдениет орталығы бой көтерді.

2026 жылы тағы 13 спорт нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

 

Жамбыл облысы

 

Соңғы жаңалықтар