Фото: freepik.com
Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидовтың айтуынша, өткен жылы өңір бойынша 1268 қылмыстық іс қаралған.
«Жыл ішінде барлығы 1471 адам сотталып, 23 азамат ақталды. Оның ішінде 640 адам бас бостандығынан айырылса, 659 адам басқа жаза түрлерімен сотталған. 132 адам шартты түрде істі болса, 12 адам жазадан босатылды», дейді Н.Абидов.
Бас бостандығынан айыру жазасы аса ауыр қылмыстар санаты бойынша 74 адамға, ауыр қылмыстар бойынша 406 адамға, ауырлығы орташа қылмыстар бойынша 89 адамға, онша ауыр емес қылмыстар бойынша 71 адамға тағайындалған.
Жамбыл облысында 22 жасөспірім ауруханаға түсті: Лагерьде санитарлық тексеріс басталды