Аймақтар • 27 Қаңтар, 2026

Ботақарада кезекте тұрған азаматтарға арналған жаңа тұрғын үй берілді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұқар жырау ауданына қарасты Ботақара кентінде кезекте тұрған азаматтарға арналған жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Эксклюзивті жоба аясында салынған екі қабатты кірпіш үй әлеуметтік осал санаттағы 12 отбасыға ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ботақарада кезекте тұрған азаматтарға арналған жаңа тұрғын үй берілді

Фото: istockphoto.com

Тұрғын үй орталық жылу жүйесіне қосылған, балалар ойын алаңы бар және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімделген. Пәтерлер қоныстануға толық дайын, әрқайсысы кодты электронды құлыптармен жабдықталған. Едені тайғанамайтын керамограниттен төселген. Үйдің сәулеті ұлттық ою-өрнекпен әрленген.

Зейнетақы жинағын тұрғын үй сатып алуға пайдалану тәртібі өзгертілді

Тұрғын үй жеке инвестиция есебінен салынған, кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес аудандық әкімдік сатып алған. Қоныстанушылар тізімі «Отбасы банк» арқылы жүзеге асады.

Енді тұрғын үйде үлесі бар азаматтар жеңілдетілген ипотека ала алады

Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Берік Көпбаевтың мәліметінше, бюджет қаражаты есебінен Ботақара, Ғ.Мұстафин кенттерінде және Самарқанд, Доскей, Байқадам, Новоузенка ауылдарында барлығы 48 пәтер сатып алынған. Барлық үйлер құрылыс талаптарына сай.

Құрылыс компаниясының басшысы Абзал Сексенбаев бұл жоба туған өлкеге қосқан үлес екенін атап өтті. Биылғы жылы ауданда кезекте тұрған азаматтарды тағы да баспанамен қамту жоспарланған.

Қызылордалықтар жаңа жыл қарсаңында жаңа пәтер кілтін алды

Соңғы жаңалықтар