АСТАНА. 25 наурыз. Фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақ қызы Жанбота Алдабергенова шаңғы акробатикасы бойынша сынға түсіп, күміс жүлдені қоржынға салды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Жарыс Италияның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласында өтуде. Барлық жаттығуын сәтті орындаған Жанботаны төрешілер 163,11 ұпаймен бағалады. Біздің қыз әлем чемпионы атанған Александра Романовскаядан (Беларусь) екі-ақ ұпайға қалып қойды. Белорус қызының көрсеткіші 165,19 ұпай. Бұл сында үздік үштікті АҚШ спортшысы Элле Гаудетт түйіндеді (146,59 ұпай).
Жанбота Алдабергенова шаңғы акробатикасы бойынша ел намысын абыроймен қорғап жүрген спортшы. 2014 жылы Сочи олимпиадасында 6-орынға табан тіреді. Бұл көрсеткіш әзірге қазақ қыздары үшін ақ Олимпиададағы ең жоғары меже. Одан бөлек, өткен жылы Еуропа кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды. Ал сол сайыстың жалпы есебінде 350 ұпаймен күміс жүлдені қанжығасына байлағаны есімізде.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: vesti.kz.
• 25 Наурыз, 2015
Қазақ қызы шаңғы акробатикасынан әлемдік додада олжа салды

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:53
Қазақстанның екі дзюдошысы Grand Slam турнирінің жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 17:22
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Бүгін, 16:40
Әскери дипломаттар Қытайда қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті
Қоғам • Бүгін, 16:32
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:40
Қазақстан және Өзбекстан шекарасында көлік кептелісі пайда болды
Қазақстан • Бүгін, 15:10
Президент Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты
Президент • Бүгін, 14:50
Мәскеуде Жеңістің 81 жылдығына арналған әскери парад басталды
Әлем • Бүгін, 14:31
Қорғаныс министрі соғыс құрбандарын еске алды
Қоғам • Бүгін, 14:03
Жоғарғы Сот төрағасы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Тағзым • Бүгін, 13:53
Мәулен Әшімбаев майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды
Тағзым • Бүгін, 13:40
Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Қазақстан • Бүгін, 13:37
Франция елшілігі қазақ жауынгерлерінің рухына құрмет көрсетті
Қоғам • Бүгін, 13:07
Астанада құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған 5 адамды шығарып алды
Елорда • Бүгін, 12:28
Елена Рыбакина WTA 1000 турниріндегі алғашқы матчты сәтті бастады
Спорт • Бүгін, 12:04