Қалалық перинаталдық орталықта биылғы жылдың 21 шілдесінде төртінші рет үшем, 5 тамызда тұңғыш рет жарық дүние есігін ашқан төртем ата-аналарының көз қуанышына айналды. Бүгінде сәбилердің денсаулығы жақсы.
Бір айта кетерлігі, жақсылық хабарға шөліркеп жүрген Алматыдағы барлық БАҚ өкілдері бұл жолы тайлы-таяғымен қалмай келіпті. Бір-бірлерін құттықтап, перзентхана қызметкерлеріне бауы берік болсын айтып жатыр. Осы қуаныштың үстіне Алматы қаласы әкімінің орынбасары, орталықты бірнеше жыл басқарған, мыңдаған баланың кіндік шешесі, алтын қолды хирург Зәуреш Аманжолова мен Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанат Қасымжанова да қосылып, төртем және үшемді дүниеге әкелген аналарды көруге асықтық. Жап-жас, әп-әдемі сүйкімді екі қазақтың қызының көп балалардың анасы атанғанына қуанып, әрі таңғалыстық.
– Бүгін қаламызда ерекше тарихи күн, үлкен оқиға. Өйткені, ылғи төртем туыла бермейді. Бұдан 5 жыл бұрын Алматыдағы республикалық ана мен бала денсаулығын қорғау орталығында осындай оқиға болған. Бірақ, ол жасанды ұрықтандыру (ЭКО) жолымен еді. Бұл жолғы төртем физиологиялық жағдаймен болып отыр. Біз бірден хабарлап, сүйінші сұрауға асықпадық. Қазір нәрестелер интенсивті палатадан шықты. Қазақтың басына бас қосып, санын ұлғайтып, демографиямызға үлес қосып жатқан екі қызымызға ризамыз. Балалардың дені сау болсын. Амандық болса төртемнің анасы «Алтын алқа» белгісін алады, – деді Алматы қаласы әкімдігінің атынан кішкентайларға сыйлық тапсырған Зәуреш Жұманәліқызы.
Оның айтуынша, былтыр Алматы қаласында 7 үшем дүниеге келсе, биылғы жарты жылдың ішінде 4 үшем туған. Жалпы, Алматы бойынша жылына 42-43 мың бала дүниеге келеді. Ал әрбір 9-шы қазақстандық Алматыда туылып, әр 8-ші қазақстандық қаламызда емделеді екен. Жас аналарға 2 медбикеден бөлінеді.Ал пәтер мәселесі отбасылардың материалдық жағдайы тексеріліп барып қарастырылмақ.
Адам ұрпағымен мың жасайды деген. Үш ұл өсіріп отырған Баян мен Қанаттың отбасы бірден бір ұл және үш қыз баламен толығып, мәре-сәре қуанышты күй кешуде. Бірден төрт баланың анасы атанған төртеммен анасы 35 жастағы Баян Абдуллина шақалақтарды жеті ай бойы көтеріп жеткізу қиын болғанын, бірақ табиғат өзі салған түйінін, өзі шешкенін айтып, журналистерге сұхбат берді.
– Жүктілік кезеңім қиын өтті. Төрт баланы осыншама ай бойы көтеріп жүру оңай емес екен. Құдайдың құдыретімен, дәрігерлердің көмегімен осы күнге аман жеттік. Төртем екенін он бірінші аптада білдік. Біздің әулетімізде егіз бар. Үлкен ағатайым мен әпкемнің егіз балалары ержетіп келеді. Өзіміздің 11-де, 7-де және 5-те үш ұлымыз бар. Мен екі жоғары оқу орынын бітіргенмен. Қазір КИМЭП-те магистратурада оқимын әрі жеке компанияда жұмыс істеймін. Балақайлардың есімдерін әлі қойған жоқпыз. Жер үйде тұрамыз. Енді бірден 4 бала өмірге келген соң, үйді үлкейту керек сияқты. Жолдасым Қанат Ерсейітов жоғары білімді, қазір жеке кәсіпкерлікпен айналысады», - деді жас босанған ана.
Сондай-ақ ол қала әкімі орынбасарының сәбилерге екі медбике бөлініп, олардың денсаулығы жіті қадағаланатынын, денсаулық сақтау саласы тарапынан барлық көмек, жағдай жасалатынын айтқанын, сондай мүмкіндікті пайдаланып өзін босандырған орталықтың барлық білікті мамандары мен қызметкерлеріне, есепке алып, жеті ай бойы бақылауда ұстаған аяғы ауыр келіншектерге кеңес беретін №16 емхананың дәрігерлеріне аналық ризашылығым шексіз дей келе, мұның бәрі Елбасының жүргізіп отырған дұрыс саясатының арқасы екенін де атап кетті.
– Ең бастысы төртемнің аман-есен туғаны үшін алаңдадық, - деді Алматы перинаталдық орталығының директоры Эльмира Жақашева.- Бізге келіп түскеннен кейін екі күн операцияға дайындадық. Ота сәтті өтті. Үлкені ұл 2,3, одан кейін егіз қыз 2,2, 1,871, ең кенжесі 1,3 кило салмақпен туылды. Медициналық команданың білікті жұмысының арқасында отадан кейін асқынулар болмады. Ана да, балалар да өздерін жақсы сезінуде.
Ал үйінде 2 жасар қызы бар Жаркенттен келіп босанған үшемнің анасы Толғанай мен әкесі Бауыржанның отбасы енді тағы үш сәбимен толығып, көп балалылар қатарына қосылды.
-Үйде үлкен қызым - Айша бар. Одан кейін міне, Інжу, Іңкәр, Ақнұр деген үш қызым қатар дүниеге келді. Төрт құбылам түгел деп санаймын. Аллаға мың шүкір», - дейді үшемнің әкесі 28 жастағы Бауыржан Сатыбалдиев.
Мамандардың айтуынша, қазір сәбилердің денсаулығы жақсы, үшемдер күн санап салмақ қосуда. Кеше перзентханадан шығарылуы жоспарланған.
Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Суреттерді түсірген
Айтжан МҰРЗАН.

60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:03
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 14:51
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:46
Ел тұрғындарының жылдық шығыны 1,3 млн теңгеге жетті
Қоғам • Бүгін, 14:32
Қазақстанда телефондарды тіркеу ережесі өзгереді
Оқиға • Бүгін, 14:16
Елімізде 14 мамандық мүлдем жойылады
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:03
Домбыраны «харам» деп жариялаған ақтөбелік 7 жылға сотталуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 13:37
Жантүршігерлік оқиға: Жітіқарада жасөспірім анасын құтқарамын деп қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 13:03
Алматыдағыдан 3 есе қуатты: Бағдат Мусин Қазақстанның жаңа суперкомпьютері туралы айтты
Технология • Бүгін, 12:50
15 жылдан бері алғаш рет: «Болашақ» стипендиясы 10-15 пайызға артуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 12:40
Адамдарға қарай бағытталған: Алматы саябағында отшашу атқандарды полиция іздеп жатыр
Оқиға • Бүгін, 12:29