Фото: pinterest.com
Truth Social әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында Трамп Иранға соңғы ескерту жасады. Ол Тегеранды ядролық қарудан бас тартуды көздейтін «әділ әрі тең» келісімге келуге үндеді.
«Иран келіссөз үстеліне тездетіп отырады деп үміттенемін. Уақыт тығыз, бұл шынымен де шешуші кезең. Келесі соққы бұдан да ауыр болады», деп жазды АҚШ президенті.
Трамптың айтуынша, Иранға бет алған америкалық әскери кемелер тобына USS Abraham Lincoln ұшақ тасымалдайтын кемесі жетекшілік етіп келеді. Президент бұл кеме қажет жағдайда әскери күш қолдануға дайын екенін атап өтті.
Өткен аптада-ақ АҚШ Иранмен арадағы қарым-қатынастың ушығуына байланысты Таяу Шығыстағы әскери қатысуын күшейтіп жатқаны хабарланған. Вашингтон бұл әрекеттерді аймақтағы қауіпсіздік пен стратегиялық мүдделерді қорғау қажеттілігімен түсіндіріп отыр.