Қазақстан • Бүгін, 10:01

Қазақстан Бейбітшілік кеңесінің құрылтайшысы болды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Дональд Трамп бастамашы болған жаңа халықаралық құрылым – Бейбітшілік кеңесінің негізін қалаушы мемлекеттердің бірі ретінде ресми мәртебе алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Бейбітшілік кеңесінің құрылтайшысы болды

Фото: Ашық дереккөз

Аталған ұйым БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жаһандық балама ретінде ұсынылып отыр. Құжаттарға ресми қол қою 22 қаңтар күні Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында өтті.

Бұл жобаға шақырулар таңдаулы мемлекеттерге ғана жолданған, ал Астана құрылтайшылар қатарына қосылу туралы ұсынысты қабылдады. Бұған дейін көп талқылауға себеп болған қаржылық мәселе де нақтыланды: 1 миллиард доллар көлеміндегі жарна ерікті. Оны төлемеу ұйымдағы мүшелік мәртебеге әсер етпейді, алайда қаржы бөлген елдер белгілі бір преференцияларға ие бола алады.

Осылайша, Қазақстан халықаралық қатынастардың жаңа архитектурасын қалыптастыруға ресми түрде қатысып отыр.

22 қаңтарда Президент Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойған болатын.

Бейбітшілік кеңесі БҰҰ-ға балама құрылымға айналуы мүмкін бе?

Соңғы жаңалықтар