Экономика • 29 Қаңтар, 2026

Шаруаларды ерте қаржыландыру ісі қалай жүзеге асырылып жатыр?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылдың қазан айында маусымдық көктемгі дала жұмыстарын ерте қаржыландыру бағдарламасына өтінім қабылдау басталған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бүгінде 2004 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 273 млрд теңге көлеміне өтінім түскен, деп жазады Egemen.kz.

Шаруаларды ерте қаржыландыру ісі қалай жүзеге асырылып жатыр?

Фото: istockphoto.com

Қазір 1 581 өтінім назарға алынып, 172,3 млрд теңге үлестірілген. 

Сонымен қатар несие сомасының 85%-на дейін кепілдік беруге жол ашатын «Даму» қоры арқылы қарыздарды кепілдендіру тетігі іске асырылып жатыр. Қор арқылы 333 кепілдік берілген.

ШОБ кәсіпорындарын жаңғырту үшін лизингтік қаржыландыру іске қосылады

«Қаржыландыруды ерте бастау шаруаларға 2026 жылғы егіс науқанына алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді. Алынған қаражат жанар-жағармай материалдарын тиімді бағамен сатып алуға, минералдық тыңайтқыштар алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеуге және қажетті тұқым қорын қалыптастыруға бағытталады», делінген ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.

Көктемгі егіске әзірлік барысы пысықталды

Айта кетейік, осы бағытқа жұмсалатын қаражат еліміз бойынша Аграрлық несие корпорациясының филиалдық желісі және серіктес қаржы институттары арқылы ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42