Әскер • 29 Қаңтар, 2026

«Ашық есік» күні: Ата-аналар әскердегі ұлдарының жағдайымен таныса алады

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

31 қаңтар күні еліміздегі Қарулы күштердің барлық әскер бөлімінде сарбаздардың туыстары мен жақындары үшін «Ашық есік» күні өткізіледі. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл күні ата-аналар ұлдарының қызмет жағдайын көзбен көріп, әскери қызметшілердің күнделікті тіршілігімен жақынырақ таныса алады, деп жазады Egemen.kz.

«Ашық есік» күні: Ата-аналар әскердегі ұлдарының жағдайымен таныса алады

Фото: Қорғаныс министрлігі

«Ашық есік» күні келушілерге қару-жарақ пен әскери техника үлгілері мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің арнайы жаттығулары, олардың тұрмыстық жағдайы, казармалар мен асханалар көрсетіледі.
Әскери бөлімдер мен бөлімше командирлері мерзімді әскери қызметке қатысты кез келген сұраққа жауап береді.

Еліміздің қорғаныс саласында қандай цифрлық шешімдер енгізілген?

«Ашық есік» күні іс-шарасы әскер мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға, ашықтықты арттыруға және мерзімді әскери қызметтің нақты жағдайын таныстыруға бағытталған. Іс-шара қорытындысы бойынша ең үздік мерзімді әскери қызметшілерге адал қызметі мен үлгілі әскери тәртібі үшін марапат ретінде еркін сейіл жасауына бір күн беріледі», делінген министрлік хабарламасында.

Әскери қызметшілер мен отбасы мүшелері пойызбен тегін қатынайды

Ал әр әскери бөлім «Ашық есік» күнін өткізу уақытын өздері белгілейді. Ал ата-аналарға ақпаратты әскери бөлімдердің қолбасшылығы жеткізу керек.

Министрлік мәлімеітнше, қарулы күштердің әскери бөлімдерінде ата-аналар мен мерзімдік шақырту жасына толмаған азаматтарға «Ашық есік» күндерін тұрақты түрде ұйымдастырылады. Осы мақсатта бөлім командирлері WhatsApp мессенджерінде арнайы чаттар ашады. Сондай-ақ «Отбасымен бейне қоңырау» сервисі арқылы ата-аналармен тұрақты бейнеқоңырау байланысы жолға қойылған. Ведомоство осы мақсатта арнайы планшеттер сатып алған.

Сонымен қатар «Аналардың жүрегі» сарбаз аналары комитеті республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері әскери бөлімдердегі сарбаздардың қызмет ету жағдайын үнемі тексеріп, бөлімдегі жағдай туралы Қарулы күштердің басшылығы мен ата-аналарға ақпарат бере алады.

Соңғы жаңалықтар

Хандарды қашап сомдаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:40

Басым бағыттар айқындалды

Саясат • Бүгін, 09:20