Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың орнына Халық кеңесін құруды ұсынған болатын.
Бүгін Конституциялық комиссия Халық кеңесін құру, оның өкілеттіктері және қызметін ұйымдастыру жеке конституциялық заңмен анықталатынын мәлімдеді.
Сергей Пономаревтің айтуынша, Халық кеңесінің құрамында 126 мүше болады. Оның ішінде 42 мүшесі елдегі этностардың өкілдерінен, тағы 42-сі қоғамдық бірлестіктерден, сондай-ақ өңірлердегі мәслихаттардан 42 өкіл болады.
Максим Рожин: Халық кеңесі – жалпыұлттық диалогтың жаңа форматы
Халық кеңесінің өкілеттігі 71-ші бапта көрсетілген:
- Мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- Қоғамдық келісімді, ұлттық бірлікті және ынтымақтастықты нығайту;
- Қазақстан Республикасының негізгі қағидаттары мен ұлттық құндылықтарды насихаттау;
- Заң жобаларын Құрылтайға ұсыну;
- Республикалық референдум өткізуге бастамашылық жасау.
Сондай-ақ Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа жоғары кеңес органы Қазақстан халқының мүдделерін білдіру және заң шығару бастамасы құқығына ие болатынын мәлімдеген.