Коллажды жасаған Амангелді Қияс, «EQ»
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, күдіктілер ұсталып, қамауда отыр.
«Прокуратураның үйлестіруімен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізіп, Атырау қаласының аумағында есірткі құралдарын таратумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды. Тексеру кезінде 1994 жылғы күдіктінің интернет-дүкенді басқарғаны анықталды. Оның заңсыз есірткі саудасына тағы 5 адамды тартқаны анықталды. Қазір күдіктілер қамауға алынды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.