Оңай олжа арқылы тез байып кетуді армандайтындар аз емес. «Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен» жүріп, маңдай тер, табан ақысыз қалтасын қампайтқысы келетіндер қашанда болған. Дегенмен, оның барлығы заң бұзушылыққа әкеп соғады. Нәтижесі белгілі. Темір тордың арғы бетінен бір-ақ шығады.
Бүгінде республика аумағында «Көкнар» жедел-профилактикалық шарасы жүріп жатыр. Бұл іске қызылордалық полицейлер де тыңғылықты кірісіп кеткен. Осы шара барысында Арал ауданы, Жіңішкеқұм ауылынан шығысқа қарай 45 шақырым жерде есірткі затына ұқсас өсімдік өсіп тұрған 5 алқап анықталған. Тексеру жұмыстары кезінде заңмен тыйым салынған 3704 түп сора өсімдігін күтіп-баптап жатқан жерінен 57 жастағы, 45 жастағы және 32 жастағы үш азамат ұсталды. Алқаптағы өсімдіктің жалпы салмағы 3 тонна 333 килоны құраған.
Сонымен қатар, сезіктілердің жатын орындарына тінту жүргізу кезінде жалпы салмағы 28 кило 77 түп кептірілген сора өсімдігі табылды. Анықталған айғақ заттар психотроптық заттар мен прекурсорларды зерттеу сот-сараптамасына жіберілді.
Қазіргі таңда аталған үш азаматтың үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Үш азамат та уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Қызылорда облысы.

Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:03
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 14:51
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:46
Ел тұрғындарының жылдық шығыны 1,3 млн теңгеге жетті
Қоғам • Бүгін, 14:32
Қазақстанда телефондарды тіркеу ережесі өзгереді
Оқиға • Бүгін, 14:16
Жасанды интеллект шамамен 4 миллион адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:03
Домбыраны «харам» деп жариялаған ақтөбелік 7 жылға сотталуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 13:37
Жантүршігерлік оқиға: Жітіқарада жасөспірім анасын құтқарамын деп қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 13:03
Алматыдағыдан 3 есе қуатты: Бағдат Мусин Қазақстанның жаңа суперкомпьютері туралы айтты
Технология • Бүгін, 12:50
15 жылдан бері алғаш рет: «Болашақ» стипендиясы 10-15 пайызға артуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 12:40
Адамдарға қарай бағытталған: Алматы саябағында отшашу атқандарды полиция іздеп жатыр
Оқиға • Бүгін, 12:29
Қазақстанның байлығын жасанды интеллект іздей бастады
Жасанды интеллект • Бүгін, 12:19
Жедел жәрдем қызметкерлері жылына 8 миллион адамға көмек көрсетеді
Қоғам • Бүгін, 12:13
Секунд ішінде бұғаттайды: Қазақстанда алаяқтардың қоңырауын тоқтататын жүйе енгізіледі
Инновация • Бүгін, 12:05