Баға • 04 Ақпан, 2026

Шіріген көкөністер сатылған: Вице-министр ақтөбеліктердің шағымына жауап берді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сапасына қатысты қоғамда айтылған сынға Сауда және интеграция министрлігі пікір білдірді. Атап айтқанда, сауда орындарындағы шіріген көкөністер бейнеленген видеоға ведомство өкілі түсінік берді, деп жазады Egemen.kz.

Шіріген көкөністер сатылған: Вице-министр ақтөбеліктердің шағымына жауап берді

Сауда және интеграция министрлігінің вице-министрі Жанель Кушукова Ақтөбе қаласындағы ірі супермаркеттерде сатылып жатқан картоп пен сәбіздің сапасына қатысты пікір білдірді. Қаңтар айының соңында қала тұрғындары әлеуметтік желіде көкөністердің шіріген күйде сатылып жатқанын көрсететін видеолар жариялаған болатын. Сауда желілерінің өкілдері соңғы уақытта тұтынушылар тарапынан шағым көбейгенін растады.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар – басты назарда

Вице-министрдің айтуынша, аталған бейнематериалдардың қашан түсірілгені де маңызды.

«Мен бұл мәселені көрдім, бірақ мұнда бәрі өте субъективті. Материалдың қашан түсірілгеніне қарау керек. Егер кешкі уақытта болса, бәріміз түсінеміз, таңертең адамдар келіп, жақсысын таңдап алады. Бұл мәселе бойынша жұмыс жүргізілді. Есімде, сауда желілері тауарды сөреге шығарған кезде белгілі бір пайызда жарамсыз өнім болатынын айтқан. Әрине, жақсысы алынып кетеді, ал кейін қалғаны түсіріліп, желіге жарияланған», деді Жәнел Күшікова.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тізімі кеңейді

Оның айтуынша, сауда орындарында сапасы төмен көкөністерді сатуға жол берілмеуі керек.

«Мұндай өнімдер не төмендетілген бағамен сатылады, не толықтай нарықтан түсіріледі», деп нақтылады вице-министр.

ҚҚС өсімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына әсер етті ме?

Ведомство өкілінің сөзінше, әлеуметтік азық-түлік сапасына қатысты бақылау жұмыстары жалғасып, сауда желілерімен түсіндіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар